400
Атырауда 13 жасар қыз педофилдің құрбаны бола жаздады. Белгісіз ер кісі мектеп оқушысын көлік ішінде зорламақ болған. Оқиға Авангард ықшамауданында орын алды. Полицейлер қаскөйді ұрланған көлік ішінде ұстады.
«Ер адам Reno Duster көлігін заңсыз айдап кетіп, көпқабатты үйлердің ауласына жасырынған. Ол көлік ішіндегі 13 жастағы жасөспірімді зорлауға оқталған. Атырау қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің жедел әрекет етуі нәтижесінде ол қылмысқа оқталу кезінде ұсталды» делінген облыстық Полиция департаментінің мәліметінде.
Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлігімен, яғни жасөспірімді зорлауға оқталу дерегі бойынша тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды.