Атырауда кісі өлімімен аяқталған жол апаты орын алды. Оқиға кеше, 19 желтоқсан сағат 21:50 шамасында Әуезов көшесінде болған. 48 жастағы жаяу жүргінші ер адамды маркасы және мемлекеттік нөмірі белгісіз көлік қағып, оқиға орнынан кетіп қалған. Алған дене жарақаттарының салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы Polisia.kz жазды.
Полицейлер күдікті көлікті іздестіру жұмыстарын жүргізу арқылы Стаханов көшесінде орналасқан гараждардың арасынан Mercedes Benz көлік құралын анықтады. Жүргізушісі 34 жастағы азаматтың көлікті алкогольдік мас күйде басқарғаны анықталды. Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігімен және 347-бабымен қылмыстық іс тіркелді. Жедел тергеу тобы тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр. Күдікті қамауға алынды.