Атырауда 32 жастағы келіншек ауруханада көз жұмды. Облыстық Полиция департаментіндегілер, әйелдің өлімі бойынша Қылмыстық кодекстің 317-бабымен іс қозғады. Қазіргі таңда тиісті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.
Атыраулық қоғам белсендісінің мәліметінше, жүкті әйел ауруханада түсік тастаған. Алайда ол туралы дәрігерлер келіншектің өзіне де, оның күйеуіне де айтпаған. Шетінеген баланың денесі 10 күннен бері мәйітханада жатқан екен. Бұл туралы белсенді Facebook парақшасында жазып, марқұм келіншектің күйеуінің видеосы жариялады.
Ер кісінің айтуынша, жүктіліктің 17-аптасында әйелі ауруханаға түскен. Бірақ оны жағдайы ауыр болғанына қарамастан шығарып жіберіпті. Үйге келген келіншектің жағдайы нашарлап, ауруханаға қайта жатқызылған. Келіншек аурухана төсегінде көз жұмған. Ал шетінеген баласының 10 күннен бері мәйітханада жатқанын әйелінің өлімінен соң бір-ақ білген.
Марқұмның артында екі баласы қалды.