Қазақстан жаңартылатын энергия көздерін дамытудың аймақтық орталығы болуға дайын — Премьер-Министр

238

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Мысырда өтіп жатқан Климаттың өзгеруі жөніндегі жаһандық конференцияның (COP27) Әлем көшбасшылары саммитінде сөз сөйледі.

Әлихан Смайылов өз сөзінде Қазақстан климат жөніндегі Париж келісімінің мақсаттары мен міндеттерін берік ұстанатынын атап өтті.

«Біздің еліміз 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу туралы барынша биік мақсаттарды қойып отыр. Осының аясында жыл соңына дейін төмен көміртекті даму стратегиясын қабылдау жоспарлануда. Орталық Азиядағы елдің алғаш болып осындай маңызды құжатты қабылдауы тарихи сәтке айналмақ», — деді Әлихан Смайылов.

Бүгінде Қазақстанда жалпы өндірістегі «жасыл» энергияның үлесі шамамен 3%-ды құрайды.

Бұл ретте оны өндіру көлемін 15%-ға дейін, яғни 2030 жылға қарай қосымша 7 ГВт-қа ұлғайту жоспарлануда.

Сонымен қатар биыл көміртегі шығарындыларын кем дегенде 15%-ға төмендету көзделген.

«Қазақстан жаңартылатын энергия көздерін дамытудың аймақтық орталығы болуға дайын», — деп атап өтті Премьер-Министр.

Бұдан басқа, ҚР Үкіметі «жасыл» инвестицияларды ынталандыру жөнінде шаралар қабылдап жатыр және «жасыл» қаржының бірегей өңірлік инвестициялық орталығы ретінде «Астана» халықаралық қаржы орталығын ұсынуға дайын.

Естепіңізге сала кетейік, 7 қарашада ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Климаттың өзгеруі жөніндегі жаһандық конференцияның (COP27) Әлем көшбасшылары саммитіне қатысу үшін Шарм-эш-Шейх қаласына барды.

Климат жөніндегі дүниежүзілік саммиттің жұмысына 120-дан астам елдің өкілдері қатысады. Мемлекет және үкімет басшылары климаттың өзгеруінің ең өзекті мәселелері бойынша өз елдерінің көзқарасын білдіретін «ұлттық үндеу» жасайды.

Саммит аясында Әлихан Смайылов бірқатар екіжақты кездесу өткізеді деп күтілуде.

Алдыңғы пост
​Литвалық дәрігерлер шымкенттік медицина мамандарына шеберлік сабағын өткізді
Келесі пост
Мемлекеттік тілді білу Қазақстан азаматтығын алудың маңызды өлшеміне айналады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu