367
Алдағы күндері барикалық түзілімдердің тез өзгеруі және атмосфералық процестердің шиеленісуі Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынның түсуіне алып келеді, деп хабарлайды Қазгидромет.
Солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда қар түрінде, 22-24 қарашада елдің оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), 23 қарашада шығыста қатты қар жауады.
Республика бойынша желдің күшеюі, көктайғақ, тұман, елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында боран болады деп күтілуде.
Түнде ауа температурасының солтүстікте, шығыста және орталықта 17-28 аязға дейін төмендеуі болжануда.