​Досының жаңа тұлпарына ерекше әдіспен көрімдік берген жігітке жұрт риза болды

Теги:
286

Досының жаңа машинасына көрімдік берген жігіт желіде қызу талқыланып жатыр. Ер азамат көрімдікті досының қолына емес, тұлпардың есіктеріне қыстырып қойған. Оның видеосын ТікТок қолданушысы парақшасында бөлісті.

Ер кісі бес мың теңгелік купюраларды көліктің төрт есігіне ерінбей қыстырып шығады. Бұны көрген желі қолданушылары тұлпар иесінің қуанышына ортақтасқан азаматқа риза болды.

«Құтты болсын, досына да жұғысты болсын», «Машина иесі адал дос бола білген ғой», «Достар аман болсын», «Бәріміз осындай күндерге жете берейік», «Құтты болсын», «Бәрекелді», «Машинаны игілігіне мінсін», Жарайсың», «Көрімдік деп осыны айт», «Нағыз азамат екен. Мына заманда мұндай жігіттер аз ғой,» «Сөз жоқ, керемет» деп жазды желі қолданушылары.

Алдыңғы пост
Түркі елдері ортақ бір әліпбиге ауысуды қарастыруда
Келесі пост
​Астана мешіттерінде ұрлық жасауды әдетке айналдырған жігіт ұсталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu