405
Қазақстанда өткен оқу жылында (2022-2023 жж.) 718 техникалық және кәсіптік білім беру мекемесі жұмыс істеді. Оның 567-сі қалалық жерлерде, қалған 15-і ауылдық жерлерде. Мұндай мәліметті Ұлттық статистика бюросындағылар ұсынды.
Оқу орындарының 414-і мемлекеттік меншікте, 304 – жекеменшікте. Орта білім беру орындарын түрлеріне қарай жіктесек, олардың 625-сі – колледж, 89-ы – жоғары колледж және 4-уі – училище.
Оқу орындарының ең көп саны Алматы қаласында – 84, одан кейін Түркістан және Жамбыл облыстары, тиісінше 49 және 41 білім ұясы. Ең азы Ұлытау облысында – 13.
Естеріңізге сала кетейік, 2022-2023 оқу жылының басында республикада 116 жоғары оқу орны жұмыс істеген, оның 72,4% – жеке меншікте, 25,9% – мемлекеттік және 1,7% шетелдік меншікте.