Шымкентте отбасына ренжіген 10 жасар бала үйінен қашып кеткен

Теги: , , , ,
203

Шымкентте 10 жасар бала жоғалды. Анасының айтуынша, оқушы отбасылық мәселелерге байланысты белгісіз бағытқа қашып кеткен.

Өз бетінше жүргізген іздеу жұмыстары нәтиже бермеген соң келіншек полициядан көмек сұрады.
Шақырту бойынша оқиға орнына жедел-тергеу тобы барды. Тәртіп сақшылары бала өміріне төнуі мүмкін қауіп-қатерді ескере отырып, шұғыл әрі жан-жақты іздестіруге кірісті.

Нәтижесінде полицейлер қызметтік иттің көмегімен 10 жасар баланы 1 сағат ішінде қоғамдық аялдаманың артында жасырынып отырған жерінен тапты. Үйінің тұңғышы анасына аман-есен табысталды.

Алдыңғы пост
Қазақстанда қанша колледж бар?
Келесі пост
Түркістан облысында 200-ден астам дәрігер тапшы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu