Қазақстандық микроқаржы ұйымдары 28 мың борышкердің 600 миллион теңге несиесін кешіреді

290

28 мың борышкердің несиесін шағын несие ұйымдары есептен шығарады.
Проблемалық тұтыну несиелерінің үлесі жыл басынан бері 18 пайызға өсті.

Қазақстандық микроқаржы ұйымдары 28 мың борышкердің 600 миллион теңге несиесін кешіреді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахмановтың депутаттық сауалға берген жауабында айтылған, деп хабарлайды Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығының тілшісі.

«Жыл басында Агенттік кепілсіз онлайн микронесие сегментінен 30 МҚҰ-да азаматтардың проблемалық микрокредиттерін азайту бойынша жеке жоспарларды сұраған болатын. Ұсынылған жеке жоспарлар шеңберінде 2022 жылдың соңына дейін МҚҰ 432 мың қарыз алушыға 33,1 млрд теңге сомасына үмітсіз берешекті қайта құрылымдау, 107 мың қарыз алушыға 0,8 млрд теңгеге үмітсіз берешекті ішінара кешіру және 0,6 млрд теңге сомасында 28 мың қарыз алушыға толық кешірім жасалды», – деді Нұрлан Әбдірахманов.

Оның айтуынша, ағымдағы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша МҚҰ 285,5 мың қарыз алушыға қатысты проблемалық берешектерді қысқарту бойынша іс-шараларды жүзеге асырды, оның ішінде 66,4 мың қарыз алушының негізгі борыш және 585 млн. сомаға сыйақы бойынша берешегі толық және (немесе) ішінара кешірілді, өсімпұлдар (айыппұлдар, өсімпұлдар) бойынша – 756 млн.теңге, 219,9 мың қарыз алушының шағын несиелері 4,8 млрд.теңге өсімпұлды (айыппұлдар, өсімпұлдар) жоюмен 3 15,3 млрд.теңгеге қайта құрылымдалды.

Агенттіктің жеке жоспарлардың орындалуын бақылау жалғасады, делінген құжатта.

Алдыңғы пост
2022 жылы Катарда өтетін әлем чемпионатының елшісі: «гейлер – харам»
Келесі пост
​Ұландық жауынгер әлемдік додада алтын алды!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu