Қазақстандықтар Иранда 2 апта визасыз бола алады

383

Иран Ислам Республикасының Үкіметі 2022 жылғы 11 қарашадан бастап екі ел арасындағы қатынастарды дамыту және нығайту мақсатында Қазақстан азаматтары үшін визасыз режим енгізеді, бұл біздің азаматтарымызға Иранның аумағында 14 күнге дейін болуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Қазақстан СІМ ресми өкілі А Смадияров журналистермен болған брифингтемәлім етті.

Қазақстан Үкіметінің 2022 жылғы 7 шілдедегі № 464 қаулысымен қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыру, іскерлік байланыстарды жандандыру және еліміздің туристік әлеуетін одан әрі жүзеге асыру мақсатында Иран, Қытай мен Үндістанның азаматтары үшін визасыз кіру тәртібі енгізілді.

Осы шешім аталған шет елдердің азаматтарына Қазақстан аумағында күнтізбелік 14 күнге дейін, 180 күнтізбелік күнді қамтитын әрбір кезең ішінде жалпы алғанда 42 күнге дейін визасыз болуға мүмкіндік береді.

Алдыңғы пост
Қазақстан Жапониямен әуе қатынасын қалпына келтіруге дайын
Келесі пост
​Ойынхана клиенті кассадағы 1 млн теңгені жымқырып кетті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu