Бадам өзенінде 7 жасар бала құтқарылды

Теги: , ,
335

Бадам өзеніндегі тыйым салынған аумақта шомылып жүріп, аяғы тайып құлаған бала аман қалды. Оны құтқарушылар дер кезінде байқап қалған.

Оқиға 27 шілдеде болған. Дәл сол сәтте Тұран ауданы ТЖ басқармасының қызметкерлері судағы қауіпсіздік бойынша рейдтік іс-шаралар өткізіп жүрген.

7 жасар бала ата-анасының қарауынсыз, балалар тобымен бірге Бадам өзеніндегі каскадты тірек құрылымының жоғарғы бөлігінде шомылған. Бұл жерде шомылуға тыйым салынған және өмірге қауіп төндіреді.  Баланың аяғы тайып кетіп,  тіреуіштің түбіне құлап шыға алмай қалған. Азаматтық қорғау капитаны Рауан Ордабек рейд барысында оны дер кезінде көріп, қауіпсіз жерге арқалап шығарған. Балаға медициналық көмек қажет болмаған.

Тұран ауданы ТЖ басқармасының қызметкерлері Бадам өзенінің бойында рейдтерді тұрақты жалғастыруда. Шомылу маусымының барлық кезеңінде 60 рейд өткізілді. Нәтижесінде полиция қызметкерлерімен бірлескен рейдтер кезінде Тұран ауданы бойынша әкімшілік жауапкершілікке 8 адам тартылды.

Жалпы Шымкентте қала әкімінің қаулысына сәйкес шомылуға тыйым салынған 13 орын белгіленген.

Алдыңғы пост
Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында жеке тұлғаларды  және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі
Келесі пост
Мониторинг нәтижесі: Дулати көшесі орташа жөндеуден өтті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu