Балаларға арналған банк карталарын енді қамқоршылары онлайн аша алады

Теги: , , ,
368

Балаларға банк карталарын ашу олардың қамқоршылары мен қорғаншылары үшін онлайн режимінде қолжетімді болады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Цифрландыру және автоматтандыру департаменті хабарлады.

Бұрын балаға банк картасын тек ата-анасы ғана аша алатын. Енді бұл қызмет қорғаншылар мен қамқоршылар үшін де қолжетімді болады. ҚР Оқу-ағарту министрлігінде мемлекеттік қызметтерді электронды және проактивті форматқа көшіру бойынша жұмыстар жалғасуда.

«Оқу-ағарту министрлігі ЦДИАӨМ-мен және «ҰАТ» АҚ-мен бірлесе отырып, қорғаншылар мен қамқоршылардың келісімімен олардың қамқоршылығындағы 18 жасқа толмаған балалар туралы мәліметтерді беру бойынша екінші деңгейлі банктермен интеграциялық қызметті жүзеге асырды. Интеграция қорғаншылар мен қамқоршыларға банктік қызметтерді алу үшін қағаз жүзіндегі анықтамаларсыз, өздерінің мәртебесін онлайн растауға мүмкіндік береді», – деп атап көрсетті Оқу-ағарту вице-министрі Айбат Ілиясов.

 

Алдыңғы пост
Шымкентте өрт орнынан екі адамның мәйіті табылды
Келесі пост
Қызылордада 7 жасар қыздың мәйіті табылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu