452
Балтаққа сүйеніп тұрып ән салған мүмкіндігі шектеулі қыз көптеген желі қолданушыларының жүректерін елжіретті. Оның видеосы ТікТок желісінде пайда болды.
Бейнежазбадан бір аяғынан айырылған жас қыздың балтаққа сүйеніп, ана туралы ән шырқағанын көруге болады. Кейіннен өнерлі қыз Мәдина Сәдуақасованың орындауындағы «Сен ем» әнін шырқайды.
Видеоны көрген желі қолданушылары жас қыздың жігері мен талантына тәнті болды.
«Жарайсың, қарындасым. Саған Алла күш-қуат берсін», «Қарындасым, аман бол», «Обалын-ай. Қандай өнерлі қыз. Бағы жанса екен», «Басыңа бақ қонсын», «Дауысың қандай керемет», «Айналайын, қарындасым. Өнерің өрлей берсін. Жақсылық пен денсаулық тілеймін», «Керемет, тамаша дауысыңыз». «Аллам жар болсын» деп жазды желі қолданушылары.