Барымташылар ауыл тұрғынының 4 бас жылқысын ұрлап әкеткен

414

Түркістан облысы Отырар ауданында шаруа иесі 4 бас жылқысынан айырылды.  Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 2 миллион теңге. Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша тіркеуге алынды.

«Жедел-тергеу тобы құрылы, тәртіп сақшылары оқиға орнын, оған жақын аймақтарды түгел қарап шықты. Мал базарлары мен мал тасымалдайтын көліктерді мұқият тексерді. Көрген-білгендерден сұрастырды.  Нәтижесінде жедел ақпарат көздері арқылы күдікті ретінде 2 жергілікті тұрғын анықталды. Сезіктінің бірі Отырар ауданынан ұсталса, екіншісі Шымкент қаласынан жеткізілді» делінген полиция мәліметінде.                   

Күдікті екеу алдын ала сөз байласу арқылы ұрлыққа барған. Қараусыз жүрген жылқыларды көлікпен артып әкетіп, сатып жіберген. Ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Алдыңғы пост
Астанада ер адам танысының жаңа көлігін өртеп жіберді
Келесі пост
Сүйіктісіне көмектескен шымкенттік бойжеткен қалтасынан қағылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu