Білім күні 39 жаңа мектеп есігін айқара ашты

Теги: , ,
476

Елімізде жаңа оқу жылында 39 жаңа мектеп ашылды. Бұл білім ұялары 55 мың оқушыға арналған.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2023 жылдың соңына дейін барлығы 132 мың орындық білім беру ұйымдарын пайдалануға беру жоспарлануда.  Сондай-ақ, 194 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жыл соңына дейін шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда орналасқан 1000 мектеп алты бағыт бойынша жаңғыртудан өтеді. Олар: күрделі және ағымдағы жөндеу, пән кабинеттерін жабдықтау, мектеп жиһаздарын, кітапханаларды, асханаларды жаңарту, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұдан өзге 1000 пәндік кабинет ашу жоспарлануда, сондай-ақ қосымша 749 пәндік кабинет сатып алынады.

Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының арқасында 1 қыркүйекке дейін 25 мың орындық 13 мектеп, сондай-ақ жергілікті бюджет және жеке инвестиция есебінен 30 мың орындық 26 мектеп ашылды. Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда, оның шеңберінде 740 мың оқушыға арналған 369 мектеп салу жоспарлануда.

Айта кетерлігі, мемлекет жыл сайын мектептердің құрылысы мен жаңғырту жұмыстарына қаржы бөліп келеді. Соңғы үш жыл ішінде 340 мың орындық 626 мектеп пайдалануға берілді.

Алдыңғы пост
Президент: Қазақстан халқының саны жыл соңына дейін 20 млн-ға жетеді
Келесі пост
Шымкенттік тұрғын қарасора өсіріп, үйін фитолаборатияға айналдырған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu