Шымкенттік пара-каноист «Қазақстан халқына» қорынан инновациялық аяқ протездерін алды

Теги: , , , , , , ,
Пара-каноист из Шымкента получил инновационные протезы ног от фонда «Қазақстан халқына»
219

Шымкент тұрғыны 23 жастағы Бибарыс Спатайдың екі аяғына протездер «Қазақстан халқына» қоғамдық қорынан табысталды.
Жақында ол бұйымды шығарушы кәсіпорын кеңсесінде протездерінің өлшемін сәйкестендіріп, сынақтан өткізді. Жаңа протезін алып, алдағы пара-каноэ бойынша жарыстарға дайындықты пысықтай бастады. Алдыңғы протезін Бибарыс алты жыл бұрын алған.
«Ескі протезім залда өткізетін жаттығуларға, соның ішінде суға төзімді болу үшін ақша қосып, күшейттім. Алты жыл киіп жүрдім, енді жаңа протез керек болды. Қордың бағдарламасы туралы естіп, өтінім бергеннен кейін көп ұзамай мақұлдау алдым. «Қазақстан халқына» қорына және протез жасаған «Ottobok» компаниясына ризамын», – деп атап өтті Бибарыс Спатай.
Жаңа протездердің құны 12,1 млн теңге. Бибарыстың айтуынша, бес жасында «Камаз» көлігінің астына түсіп, екі аяғынан айырылған. Сол уақыттан бастап протезбен «өмір сүруде». Бесінші сыныпқа дейін мектепке барып, кейін мектепті аяқтағанға дейін үй жағдайында білім алды.

Көп балалы отбасыдан шыққан Бибарысқа жақындары үнемі белсенді қолдау танытып келді.

Шымкенттік пара-каноист «Қазақстан халқына» қорынан инновациялық аяқ протездерін алды

«Өмір бойы протезбен жүріп келемін. Бірақ мектепте жүргенде ата-анам мен үшін алаңдап, «құлап қалуы мүмкін» деп оқуды үйде жалғастырдым. Әрине, есейгенде өз-өзіме қарап, дербес болдым. Бірінші курста құқықтануға түстім, спортпен шұғылдануды шештім. Басында хобби ретінде қарадым. Нәтиже көрсетіп, алдағы мүмкіндіктерді байқағанымда, оқуымды тәмамдап, дене шынықтыру бөліміне түстім. Жаттықтырушым мотивация берді, пара-каноэны ұнаттым. Біріншіліктерге қатысып, жеңіске жете бастадым», – деді Бибарыс.
Бибарыс – пара-каноэ бойынша Азия чемпионы, сондай-ақ Токио-2020 Паралимпиадасының қатысушысы. Енді ол Париждегі өтетін Паралимпиадаға дайындалуды жоспарлап отыр. Келесі жылы лицензиялар ойнатылады. Ерекше адамдардың әлеуметтік бейімделуі мен өзін дамытудың қажеттілігін түсіне отырып, Бибарыс мүгедектігі бар әрбір адам өзіне мақсат қойып, оған жетудің амалын қарастыруы керек деп есептейді.

«Мектеп кезінде интернет қазіргідей дамымаған еді. Үйде отырып, көп нәрсені білмеппін. Параспортшыларға арналған Олимпиададан хабарым болмады. Сондықтан, менің ойымша, әркім өзіне мақсат қойып, өзін еш шектемей, сол арман-мақсатты жүзеге асыру үшін бар күшін салуы тиіс», – деп атап өтті параспортшы.
«Қазақстан халқына» қорының ақпаратынша, бүгінде 48 қазақстандық Мүгедек балалар мен жастарды инновациялық протездік-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз ету бойынша қайырымдылық бағдарламасы аясында протездер алған. Бағдарламаны іске асыруға 1 млрд 568 млн теңге бөлінді.

Алдыңғы пост
Діни мазмұндағы кітаптарды заңсыз сатып жүрген ер кісі айыппұл арқалады
Келесі пост
Шымкенттік SCAT әуекомпаниясы өзінің 25 жылдығын атап өтті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu