Шымкентте бизнес орталықтан 2 дана «SOBY A7-3» фотоаппаратын жасырын түрде жымқырған 21 жастағы жігіт сотталды. Жәбірленуші тарапқа келтірілген шығын көлемі 2 миллион теңгені құраған.
Тергеу барысында жас жігіт қолды еткен екі фотоаппаратты Алматы қаласындағы ломбардтардың біріне 1 миллион 350 мың теңгеге өткізіп, ол ақшаға несиесін жапқаны белгілі болды.
Басты сот талқылауында сотталушы өзіне тағылған айыпты толығымен мойындап, өкінетінін жеткізген. Жас жігіт Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігінің 1 және 3-тармағы (Ұрлық) бойынша кінәлі деп танылды.
«Сот сотталушының қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайларын, жасаған қылмысының қоғамға қауіптілігінің сипаты мен дәрежесін, оның жеке басының деректерін ескере келе, 3,5 (үш жарым) жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Бұл мерзімде пробациялық бақылауда болып, жергілікті атқарушы органдар айқындайтын орындарда жыл сайын 100 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартылу міндеттелді» делінген қалалық Полиция департаментінің мәліметінде.