402
Еліміздің ауыр атлеті, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Зульфия Чиншанло жарыстардан уақытша шеттетілген. Егер тағыда допинг қолданғаны анықталса, 8 жыл спорттық жарыстарға қатысуына тыйым салынуы мүмкін, – деп хабарлайды sportarena
Естеріңізге сала кетсек, ол 1 жылдан асық уақыттан бері республикалық және халықаралық жарыстарға қатысқан жоқ. Жарыс кезінен бөлек өтетін міндетті допинг бақылау кезінде спортшының сынамасынан тыйым салынған препарат анықталған болатын.
Енді міне тағы да осы дауға ілігіп отыр. Егер допинг қолданғаны расталса, сегіз жыл жарыстан шеттетіледі.