​Зейнеткер әжей қарт тұрғындарды сазға отырғызып кеткен

Теги: ,
213

Алматыда зейнеткерлерді сан соқтырып кеткен 62 жастағы әйел анықталды. Күдікті өзін әлеуметтік қызметкер ретінде таныстырып, қарттарға азық-түлік жеткізуге және қамқорлық жасауға көмектесуді ұсынып келген. Ал ақша алу механизмі қарапайым болған. Полицияға жәбірленушілердің бірі арызданған.

«Өзін әлеуметтік қызметкер ретінде таныстырған ол жәбірленушіге азық-түлік дүкеніне барып келуді ұсыныпты. Кейін зейнеткерден бірнеше рет ақша ауыстырып беруін сұрап, жиналған ақша қайда сақталғанын көрген. Сосын қолайлы сәтте 3 миллион теңгені ұрлап кеткен. Күдікті қазір қамауда. Ұрланған ақшаның бір бөлігі тәркіленді», – деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті бұған дейін осындай қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған. Оның басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Алдыңғы пост
​Тәттіқұмар әйел дүкеннен шоколад ұрлап кетті
Келесі пост
Қызылордада 82 жастағы қария жалғыз өзі 2 млн түп ағаш еккен

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu