369
Астанада брендтік киімдер дүкеніне келген жас жігіт ұрлық жасаймын деп ұсталып қалды. Полиция департаментінің мәліметінше, дүкенге келген ол жалпы құны 322 943 теңгені құрайтын ерлер сырт киімі мен жемпірін ілгіштен шешіп алған. Қымбат киімдерді қолды қылған ер азамат сауда орнынан кетуге тырысқанымен, оны қауіпсіздік қызметкерлері шыға берісте ұстап алған. Ол 26 жастағы Әзірбайжан Республикасының тумасы болып шықты.
Полицияға жеткізілген жас жігіт кінәсін мойындады. Заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы анықталуда.