Дәмханаға келген жас қыз еден жуушының телефонын ұрлап алды

Теги:
281

Түркістан облысы, Келес ауданындағы дәмхананың еден жуушысы тапа-тал түсте ұялы телефонын ұрлатып алды. Ол дереу полицияға арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, сағат 14:20 шамасында өзіне тиесілі «Самсунг А-51» маркалы ұялы телефонын белгісіз біреу ұрлап кеткен.

«Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынды. Дәмханадағы бейнебақылау камерасының көмегімен қылмысқа қатысы бар күдікті анықталды. Ол жергілікті жас тұрғын болып шықты. Күдіктіден айғақты зат ретінде ұялы телефон алынып, иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда жас қызға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде» деп атап өтті облыстық Полиция департаментіндегілер.

Белгілі болғандай, дәмханада еден жуушы болып жұмыс істейтін жәбірленуші әйел ұялы телефонын орындық үстіне қалдырған. Осы сәтте дәмханаға туыстарымен тамақтануға келген егде жастағы әйел ұялы телефонды көріп, үстел үстіне алып қояды. Ал оның жанындағы жас қыз ұялы телефонды жымқырып, сөмкесіне салып алған.

Облыс полицейлері тұрғындарға ұрлықтың алдын алу үшін жеке құнды заттарға сақ болуды ескертеді.

Алдыңғы пост
Алаяқтар халықты алдаудың жаңа әдісіне көшті
Келесі пост
Алматыда 17 жасар қыз әжетханада босанып, сәбиін тастап кеткен

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu