Дәмхана даяшысы азық-түлік дүкенін қарумен тонап кетті

Теги:
348
Алматыда қолында қаруы бар 24 жастағы жігіт азық-түлік дүкеніне шабуыл жасады. Оқиға Бостандық ауданында түнгі уақытта орын алған.

Розыбакиев көшесінде орналасқан тәулік бойы жұмыс істейтін азық-түлік дүкеніне сатып алушы секілді кірген ол кассадағы ақшаны ұрлап кеткен. Өз өмірлеріне қауіптенген күзетші мен кассир тонаушының талабын орындаған. Дүкендегі тонау оқиғасы ондағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

«Бір тәуліктен кейін полицияның арнайы жасағының көмегімен күдікті қолға түсті. Ол дәмханалардың бірінде даяшы болып жұмыс істейді. Оның жұмыс орнындағы қызметкерлерге арналған киім ауыстыратын бөлмеден заттай айғақ сақталған сөмке табылды. Атап айтқанда, оттық түрінде жасырылған мылтық, күдіктінің тонау кезінде киген киімдері мен басқа да құралдар», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Дидар Аханов.

Ведомства мәліметінше, күдікті Шымкент қаласының тұрғыны. Алматыда күнкөріс қамымен жүрген оның табысы көбінесе қылмыстық сипатта болған.

«Оның азық-түлік дүкендеріне жасалған тағы екі қарақшылық шабуылға қатысы бар екендігі анықталды. Қылмыстардың қолжазбасы бірдей. Сараптама жүргізу үстіндеміз. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді департамент бастығының орынбасары.

Алдыңғы пост
Бір әулеттің 14 келіні жас жұбайларға тосын сый жасады
Келесі пост
Алаяқ әйел тұрғындарды 40 млн теңгеге сан соқтырып кетті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu