338
Екібастұзда жылу электр орталығы учаскесінің бастығы өлі күйінде табылды. Бұл туралы ақпарат Instagram пабликтерінде пайда болды. Ондағы мәліметке сенсек, 33 жастағы ер кісінің мәйіті ВАЗ-21099 автокөлігінің салонынан табылған. Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері байқалмаған.
Екібастұз қалалық полиция басқармасындағылар ЖЭО учаске бастығының өлімін растады. Олардың дерегінше, оқиға марқұмның гаражында болған. Алдын ала болжам бойынша ол отбасылық жанжалдан соң гараждағы көлігіне барып, газға уланып көз жұмған болуы мүмкін.
Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Тиісті тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.