540
Бүгінгі таңда елімізде қанша педагог еңбек етуде?
Оқу-ағарту министрлігі ұсынған дерекке сүйенсек, бүгінде Қазақстан мектептерінде 340 958 мұғалім жұмыс істейді. Оның 274 310-ы нәзік жанды мамандар болса, 66648-ы еркек мұғалімдер. Ал техникалық және кәсіптік білім беру бойынша 36 315 ұстаз жұмыс істейді. Оның 24 455-і әйел мұғалімдер, 11860-ы ер адамдар.
Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтер саны – 97 188. Оның 94 648-і нәзік жандылар болса, 2540-і ер жынысты мамандар.