Елімізде 11 медициналық колледж аттестациядан өте алмаған

Теги: , , , ,
248

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық білім беру сапасы бойынша талаптар шеңберінде еліміздің 91 медициналық колледжін мемлекеттік аттестаттаудан өткізді. Алайда оның ішінде 11 оқу орны аттестатталған жоқ.

Ведомство хабарлауынша, мемлекеттік аттестаттау кезінде денсаулық сақтау саласындағы техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы оқу жұмыс бағдарламаларына, базалық кәсіптік модульдерді оқытуға, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына, кадрлық әлеуетке, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруға және т.б. қатысты бірқатар проблемаларды анықтаған.

Денсаулық сақтау саласындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары стандарттарының анықталған бұзушылықтары бір жылдан аспайтын мерзімде жойылуға тиіс. Министрлік заңнамада белгіленген мерзімнің шеңберінде бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар туралы ұсынымдар жіберді және түсіндіру жұмыстарын жүргізген

Қайта аттестаттау кезінде бұзушылықтар анықталған жағдайда, Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымына бару немесе білім беру қызметіне лицензияны қайтарып алу арқылы бақылау жоспарына енгізу үшін аттестаттаудан өтпеген медициналық колледждердің тізбесін Білім министрлігіне жібереді.

Алдыңғы пост
Паркингте көлік өртеніп, 150 адам эвакуацияланды
Келесі пост
Мемлекет басшысы барша қазақстандықтарды Абай күнімен құттықтады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu