Елімізде кілем өндірісі төмендеп кетті

Теги: , ,
237

Ұлттық статистика бюросындағылардың дерегінше, елімізде кілем өндірісі төмендеп кетті. 

Нақтырақ айтар болсақ,  2023 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында кілем мен кілем өнімдерінің өндіріс көлемі 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,1% азайған. Биыл қаңтар-маусым айларында қазақстандық кәсіпорындар 2,7 млн шаршы метр кілем өнімін шығарса, өткен жылдың сәйкес кезеңінде 3,6 млн м2 өнім өндірілген.

Бұл ретте аталған өнімдердің импорты 3,5% қысқарған. Мәселен, жоғарыда аталған кезеңде 7,4 млн м2 астам өнім импортталған. Шетелден әкелінген өнімдердің нарықтағы үлесі 73,3% құрады. Ал бірінші жарты жылдың ішінде экспорт қарқыны 52,4% өсіп, шетелге 334,1 мың м2 кілем өнімі жөнелтілген.

Алты айдың қорытындысы бойынша ішкі нарықта барлығы 9,8 млн шаршы метр кілем мен кілем өнімі сатылған.

Алдыңғы пост
Шымкенттік полицейлер мас жүргізушіні қуып жүріп әрең ұстады
Келесі пост
Магистратура грантына ие болғандардың тізімі жарияланды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu