Елімізде коронавирустың жаңа штаммы тіркелді

Теги:
324

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлады.

«Соңғы зерттеу деректері бойынша Қазақстанға «Эрис» деп аталатын омикрон штамы тіркелді. Қазір әлемдегі барлық ел мен аймақта омикронның жаңа штамдары тіркеліп жатыр. Сыртқы ортада коронавирус айналымы кезінде мутация пайда болады. Ай сайын ДДСҰ әлемде көптеген түрлі штамды тіркейді», – деді министр ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Қазіргі таңда, 35 науқас стационарда ем қабылдап жатыр.

«Штамм қандай болса да клиникалық көрініс біртіндеп өзгереді. Ауру орташа немесе жеңілге ауысады. Қазір тек 35 адам стационарлық деңгейде емделіп жатыр. Олардың арасында қосымша аурулары бар қарттар көп», – деді Ажар Ғиният.

Алдыңғы пост
Дәрігерлер өгей әкесі зорлаған 3 жасар егіз қыздардың жағдайы туралы айтты
Келесі пост
Қазақстанда дәрігер тапшылығы бар

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu