Елімізде тағы 3 букмекерлік кеңсе лицензиясынан айырылуы мүмкін

Теги: , ,
362

Мәдениет және спорт министрлігі 3 букмекерлік кеңсенің лицензиясын сот тәртібімен жою бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Жыл басынан бері заңнаманы бұзған 5 букмекерлік кеңсенің қызметі тоқтатылды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Еске салсақ, Қазақстандағы букмекерлік кеңселер саны 2 еседен астам қысқарды. Егер 2021 жылдың басында елде 38 букмекерлік кеңсе жұмыс істесе, бүгінде олардың саны – 16. Ал оның ішінде іс жүзінде жұмыс істейтіндері – 12.

Букмекерлік кеңселердің санын азайту үшін Мәдениет және спорт министрлігі түсіндіру жұмысын жүргізуде. Мысалы, соңғы 3 жылда букмекерлік кеңселер 15 лицензияны өз еркімен тапсырған.

«Министрдің тапсырмасы бойынша осы бағыттағы жұмыс күшейтілетін болады. Бүгінгі таңда Мәдениет және спорт министрлігінің қатысуымен ойын бизнесі және лотерея қызметі саласындағы заңнамаға 62 түзетуді, сондай-ақ ілеспе нормативтік-құқықтық актілерді көздейтін 3 заң жобасы әзірленді. Сондай – ақ, біз ойын бизнесінің жарнамасымен күресу үшін заңнамалық деңгейде түзетулерге бастамашы боламыз»,- деді Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Алдыңғы пост
Қала әкімі түркістан шағынауданын сапалы жарықпен қамтуды жеделдетуді тапсырды
Келесі пост
Штаб отырысында инвестициялық 9 жоба ұсынылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu