Елуден астам қазақстандық жоғары оқу орны әскери қызмет өткерген адамдарға грант беруге дайын

358

Алматыдағы Республика сарайында Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың жоғары оқу орындарының ректорларымен кездесуі өтті. Іс-шараға Бас әскери прокурор Дастан Секенов, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысты. Бұл туралы Elitar.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қорғаныс ведомствосының басшысы қатысушыларды Ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтады. Ол демократиялық әлеуметтік құқықтық мемлекет құруды, тәуелсіз дамуды, оның аумағының бөлінбейтіндігі мен қол сұғылмайтындығын жариялаған мемлекеттік егемендік туралы Декларацияны қабылдаудың маңызды екенін атап өтті.

“Мемлекеттілікті нығайтуға, жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге Қарулы күштер мен білім беру мекемелері де өз үлестерін қосып келеді. Еліміздің Қорғаныс министрлігі мен жоғары оқу орындарының белгіленген мерзімде қызмет еткен әскери қызметшілерге тегін жоғары білім алу мүмкіндігін беру жөніндегі бірлескен жобасы да әскери қызметтің беделін арттыруға ықпал ететін болады”, делінген таратылған ақпаратта.

– Қол қойылған келісім әскерилерді армиядан кейін әлеуметтендірудің бір механизмі болып табылады. Біріншіден, жоғары оқу орындарына өздерін жақсы жағынан көрсетіп, мұқият іріктеуден өткендер келеді. Екіншіден, оқу орындарына баратындар – армия мектебінен өткен жастар. Мықты, төзімді, тәртіпті балалар студенттерге батылдық пен дербестіктің үлгісі болады, – деді қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов.

Елуден аса жоғары оқу орындарының басшылары қол қойған келісімде ынтымақтастық бағыттары, сондай-ақ мерзімді әскери қызмет өткерген адамдарға тегін білім алу үшін жыл сайын бөлінетін орындардың саны айқындалған.

Келісімдер 2023 жылдан бастап күшіне енеді. Әскерде борышын өткерген азаматтарға білім алу жеңілдіктерін беру әскери қызметке деген ынтаны арттырары сөзсіз.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық ансамблі дайындаған мерекелік концертпен аяқталды.

Алдыңғы пост
Шалғайдағы елді мекендердің тұрғындары сапалы коммуналдық қызметтерге қол жеткізді
Келесі пост
​Астана әуежайында 28 келіден асатын зергерлік бұйымдарды алып өтпек болған азамат ұсталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu