Бүгін – жалпыұлттық аза тұту күні

Теги: , , ,
293

Бүгін, 12 маусым елімізде жалпыұлттық аза тұту күні. Абай облысында алапат өртпен арпалысып, жанын қиған орман шаруашылығының 14 қызметкерінің рухына тағзым ету күні.

Астанадағы рәміздер алаңындағы ең үлкен ту төмен түсірілді. Еске салсақ, 8 маусымда Семей орманында өрт шықты.  Алапат өрттің ауқымына байланысты Семей қаласында төтенше жағдай жарияланды. Мамандар тілсіз жаумен әлі күресіп жатыр.

Орман өрті Успен, Поднебесное, Барышевка ауылдарына қауіп төндіретіндіктен ондағы тұрғындар жедел түрде эвакуацияланды.

«Семей орманы» резерватында болған ірі орман өртін жою кезінде Новошульба филиалының 14 қызметкерімен байланыс үзілген. Кейінірек олардың қаза тапқаны белгілі болып, көз жұмған орманшылардың тізімі жарияланды.

Күні кеше ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Абай облысына барды. Мемлекет басшысы өрт сөндіру жұмыстарымен танысып, арнайы штабтың отырысын өткізді. Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевқа өз міндетін тиісті деңгейде атқармағаны үшін сөгіс жарияланды.

Өрт кезінде қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің туыстарымен кездескен Қасым-Жомарт Тоқаев 12 маусым елімізде жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланатынын мәлімдеген болатын.

Алдыңғы пост
Шымкенттік оқушы үйлерді жер сілкінісінен қорғау жүйесін әзірледі
Келесі пост
Түркия СІМ Абай облысындағы орманшылардың қазасына көңіл айтты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu