460
Оңай олжалы болуды көздеген Абай облысының тұрғыны танысынан ақша бопсалаған. Алайда ол көп ұзамай ұсталды.
Полиция дерегінше, күдікті таныс әйел азаматынан шілде айының ортасынан бастап интимдік фотоларын таратамын деп 1 млн теңге бопсалап келген. Тергеу әрекеттері барысында 150 000 теңге тәркіленді. Күдіктінің әрекеттері 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны көздейтін ҚР ҚК 1-бөлігінің 194-бабы “Бопсалау” бойынша сараланады.