Қаратау ауданында заманауи спорт алаңшасы қолданысқа берілді

81

«Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында қолданысқа берілген шағын алаңшаның құрылыс жұмыстары 2023 жылдың мамыр айында басталған. Жалпы аумағы 0,70 гектарды құрайтын алаңшада футбол, баскетбол ойнауға арналған алаң және заманауи жаттығу элементтері орналасқан.

Қаратау ауданында жыл сайын бұқаралық спортты дамытуға ерекше мән беріліп келеді. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беріп, әр аудан орталықтарында спорт алаңшаларын ашу қажет деген тапсырма берді.  «Біз мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, спортты дамыту мақсатында, материалдық базаны жақсарту бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Оның дәлелі ретінде бүгінгідей спорт алаңшасының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілгелі тұр. Мұның бәрі балаларымыздың, жастарымыздың спортпен айналысуына, олардың денсаулығының мықты болуына жасалынып жатқан үлкен мүмкіндік», – деді ашылу салтанатында Қаратау ауданының әкімі Рақымберді Мүлкеманов.

Еске сала кетейік, биылғы жылы Қаратау ауданы аумағында аталған жоба аясында 12 спорт алаңдары салынбақ. Спорттық нысан құрылысы ауданның «Тұран», «Таскен», «Шапырашты», «Нұртас», «Қызылсу», «Қайтпас», «Нұрсәт» шағынаудандары мен тұрғын алаптарында бой көтеретін болады.

Бұдан бөлек, Қаратау ауданында жол құрылысын дамыту мақсатында ауқымды жобалар қолға алынған. Былтыр ауданда 86 шақырым жол асфальталып, 40 шақырымына шағал тас төселген болса, биыл 2023 жылы 70 көше асфальтталады. Сондай-ақ, 38 көшеге шағал тас төселеді. Айта кетейік, аудан аумағындағы 2023 жылдың жол құрылысы жұмыстарына 2,2 млрд.теңге, аяқ жол  салуға 200 млн.теңге қаралған.

Жалпы 2021-2025 жылдар аралығында Қаратау ауданы бойынша ұзындығы  441 шақырымды құрайтын 466 көше  асфальтталады деп күтілуде.

Төменде Қаратау ауданы бойынша 2023 жылы жөнделетін көшелер тізімі:

БОЗАРЫҚ ТҰРҒЫН АЛАБЫ

Егемен Қазақстан көшесі

Наркеткен көшесі

Дударай көшесі

Алмас қылыш көшесі

Балқадиша көшесі

Айқаракөз көшесі

Өскен өңір көшесі

Ерлік тау көшесі

Көрімдік көшесі

Сұлусай көшесі

Бұгынай көшесі

Шідерті көшесі

Арғынаты көшесі

Бұрма көшесі

Қалқаман мамыр көшесі

Құдырет көшесі

САЙРАМ ТҰРҒЫН АЛАБЫ

Тассай бөлімшесі

Жаңақұрылыс

Атауы жоқ көше №111 мектепке дейінгі

Қырықмазар бөлімшесі Жаңақұрылыс

Жаңақұрылыс-2

ТАССАЙ ТҰРҒЫН АЛАБЫ

Атауы жоқ №1 көше

Атауы жоқ №2 көше

Сынтас көшесі

Науатас көшесі

Адалбақан көшесі

Ботай көшесі

Айқабақ көшесі

Құндызой көшесі

Алтыншоқы көшесі

Кертөбел көшесі

Орманды көшесі

Жарма көшесі

Атауы жоқ №3 көше

Мейрам көшесі

ҰЛАҒАТ ШАҒЫН АУДАНЫ

Марқакөл көшесі

Жүркенов көшесі

Атауы жоқ №, №2, №3 көшелері

Машат көшесі

Қаражол көшесі

ШАҒЫН АУДАНЫ

Қайтпас ш/а Ер Жәнібек көшесі

Азат ш/а Акдала көшесі

Саялы көшесі

Атауы жоқ №1,2,3 көшелері

Қайтпас ш/а Жұмабеков көшесі

Атауы жоқ №1,2,3,4,5,6 көшелері

ТҰРАН ШАҒЫН АУДАНЫ

Атауы жоқ Лексус орталығы артындағы көше

Е.Спатаев көшесі

ТАСКЕН ШАҒЫН АУДАНЫ

Самарқанд көшесі

Ақиқат көшесі

Байсай көшесі

Қызан көшесі

Сандуғаш көшесі

Атауы жоқ №1,2,3 көшелері

Әдемі көшесі

Төресай көшесі

Жүзімдік көшесі

Айнабекұлы көшесі

Кемел көшесі

Қырмызы көшесі

Балқаймақ көшесі

Алдыңғы пост
Тәжікстан делегациясы шымкенттің тарихымен танысты
Келесі пост
Интимдік фотоңды таратамын деп 1 млн бопсалаған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu