Ішіп алған ер адам жедел жәрдем көлігін айдап әкетіп, аударылып қалды

Теги:
386

Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласында 32 жастағы ер кісі аурухана тұрағында тұрған жедел жәрдем көлігін айдап кеткен. Оқиға таңғы сағат 5.30-дар шамасында орын алған. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Жедел жәрдем қызметіндегілер шақырту бойынша науқасты медицина мекемесіне алып келген. Оны ішке кіргізуге жүргізуші көмектескен екен. Осы сәтті пайдаланған ішіп алған ер кісі көлікке отырып, айдап кетіпті. Алайда ол жедел жәрдем көлігін басқара алмай, жолда аударылып қалған.

Күдікті көп ұзамай ұсталды. Оның көлікті ұрлаған кезде мас күйінде болғаны медициналық сараптама қорытындысымен расталыпты. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы) бойынша әкімшілік материал толтырылды. Сонымен қатар ҚР ҚК-нің 200-бабы бойынша (Көлік құралын автокөлікті немесе өзге де көлік құралын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Алдыңғы пост
Әскерде борышын өтеп келгендер университетте тегін оқи алады
Келесі пост
Түркістандық әжелер көшеде ән салып, жас аналарға ақ орамал сыйға тартты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu