Кәсіптік біліктілікті растайтын құжат дипломмен тең пайдаланылады

Теги:
315

Елімізде енді азаматтар тиісті орталықтарда кәсіптік біліктілігінің бар екенін растайтын құжатты жұмысқа орналасу кезінде білім туралы дипломмен тең пайдалана алады. Парламент Мәжілісінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев депутаттарға «Кәсіптік біліктілік туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіптік біліктілік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының негізгі ережелерін таныстырды.

Жоғарыда аталған заң жобаларын ведомство мүдделі мемлекеттік органдармен, қызметкерлер, жұмыс берушілер және бизнес өкілдерімен бірлесіп әзірлеген.

Вице-министр сөз басында бұл заң жобаларын қабылдау еңбек нарығы мен білім беру жүйесінің байланысын нығайтатынын, сондай-ақ жұмыс күшіне қойылатын тез өзгеретін талаптарға жауап беруге мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Технологиялық прогресті жеделдету және экономиканы цифрландыру Қазақстандағы еңбек ресурстарының сапасына жаңа талаптар қояды. Айта кету керек, бұрын білім 10 жыл бойы біліктілікті арттырусыз өзекті болды. Бүгінде көптеген мамандықтар бойынша дағдылардың өзектілігі 2 жыл бойы ғана сақталып отыр»,-деді Олжас Ордабаев.

Вице-министрдің айтуынша, Ұлттық біліктілік жүйесі келесі сұрақтарға жауап береді: заманауи мамандар нені білуі және меңгеруі тиіс? Бұл үшін оларды не және қалай оқыту керек? Олардың кәсіптік біліктілігін қалай тануға болады?

«Бұл сұрақтарға жауаптар Ұлттық кәсіптер сыныптауышы, Ұлттық біліктілік шеңбері және оның негізінде әзірленген салалық біліктілік шеңберлері мен кәсітік стандарттар сияқты құралдардың көмегімен қалыптастырылатын болады», – деп түсіндірді ол.

Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінгі таңда 623 кәсіптік стандарт жұмыс істейді, олар 2689 мамандықты қамтиды. Оларда белгіленген талаптар негізінде білім беру ұйымдары білім беру бағдарламаларын әзірлейді. Осылайша жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес келетін кадрларды даярлау қамтамасыз етіледі.

Заң жобасының маңызды жаңалығы-өз бетінше игерілген дағдыларды, сондай-ақ бейресми және ақпараттық білім беру нәтижелерін тану.

«Азаматтар тиісті орталықтарда кәсіптік біліктілігінің бар екенін растайтын құжатты ала алады және егер бұл кәсіптік стандартта көзделген болса, бұл құжатты жұмысқа орналасу кезінде білім туралы дипломмен тең пайдалана алады», – деп атап өтті спикер.

Министр орынбасары заң жобасы біліктілікті тану орталықтарын дамытуға серпін беретінін және қызметкерлерді өмір бойы құзыреттіліктерін жетілдіруге ынталандыратынын айтты. Сондай-ақ, заң жобасында кәсіптік біліктіліктерді тану жүргізілетін кәсіптер тізбесін қалыптастыру көзделеді. Осы тізілімді жүргізуді ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасында жүзеге асыру жоспарлануда, ал тізілімге енгізу үшін ұсыныстарды мемлекеттік органдар мен салалық кеңестер енгізетін болады.

«Дәрігерлер, қаржы аудиторлары және басқалары сияқты реттелетін мамандықтар бойынша кәсіби қызметті сертификатсыз жүзеге асыру мүмкіндігі шектелетінін атап өткен жөн. Басқа мамандықтар бойынша түлектер мен қызметкерлер жұмыс берушілер тарапынан үлкен сұранысқа ие болу үшін өз біліктіліктерін өз еркімен растай алады», – деп атап өтті ол.

Алдыңғы пост
Түркістанда дәріханаға келген жас жігіт сатушының ұялы телефонын үптеп кетті
Келесі пост
Шымкенттік тұрғын түн ортасында әйелін көлікке күштеп отырғызып, ұрып-соққан

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu