Үй шаруашылықтарын іріктеп тексеру қорытындысы бойынша елімізде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 2023 жылдың II тоқсанында 5,1%-ды құрады. Кедейліктің тереңдігі мен өткірлігі көрсеткіштерінің мәндері тиісінше 1 және 0,3 пайызға тең.
Ұлттық статистика бюросы ұсынған мәліметке сүйенсек, қалалық және ауылдық жерлерде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесін айтарлықтай саралау әлі де сақталуда. Мәселен, есепті кезеңде ауылдық жерлердегі көрсеткіштің мәні қалалық жерлердегі көрсеткіштің мәнінен (3,9%) 3,3 п.т. асып түсіп 7,2% құрады.
Кедейлік қаупіне үй шаруашылығының мөлшері қатты әсер етеді. Осылайша, 5 және одан да көп адамнан тұратын үй шаруашылықтары арасындағы кедейлік деңгейі 2023 жылдың II тоқсанының қорытындысы бойынша 9,2% құрады. Бұл жалпы кедейлік деңгейінен 2 есе дерлік жоғары.
«2023 жылдың II тоқсанындағы кедейлік деңгейінің ең жоғары мәні Түркістан (9,7%) облысында, ал ең азы – Астана қаласында (2,5%) тіркелді» делінген мәліметте.
Айта кетейік, Қазақстан бойынша бойынша биыл II тоқсанда жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі айына орташа есеппен 47884 теңгені құрады.