Шымкентте жолдың қақ ортасында көлік өртеніп кетті

Теги: , ,
191

Шымкентте DAEWOO NEXIA маркалы автокөлік өртенді. Оқиға 5 қазан күні  Сайрам және Жібек жолы көшелерінің қиылысында болған.

Өрт туралы «101» диспетчерлік қызметіне сағат  00.17-де хабарлама келіп түскен.  Оқиға орнына  өрт сөндірушілер дереу жетіп, қызыл жалын сағат 00:45-те толығымен сөндірілді. Көлікті сөндіруге  12 қызметкер мен 3 техника  жұмылдырылған. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Көліктің қысқа тұйықталу себебінен өртенгені анықталған.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қала аумағында 2023 жылдың 9 айында 39 автокөлік өртенген. Басты себеп – қысқа тұйықталуы мен техникалық қызметтің дұрыс көрсетілмеуі.

Алдыңғы пост
Қазақстанда дәрігер тапшылығы бар
Келесі пост
Қазақстан халқы 20 миллионға жуықтады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu