Кентау тұрғыны екі көлікті жалға алып, соңында сатып жіберген

202

Түркістан облысы Кентау қаласында «Опел-Вектра» мен  «Нексия» маркалы автокөліктерін  жалға берген тұрғынды танысы алдап кеткен. Көлік иесі жалға алушыға  хабарласқанымен, ер азамат жауап бермей байланыссыз кеткен. Осылайша алданғанын түсініп, полицейлерден көмек сұрады.

«Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 189-бабы «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе талан-таражға салу» бойынша  тіркелді. Келтірілген шығын көлемі 1 миллион  300 мың  теңгені құраған. Жедел уәкілдер іздестіру іс-шарасы кезінде  күдіктінің жергілікті тұрғын екенін анықтап, полиция бөліміне жеткізді» делінген облыстық Полиция департаментінің мәліметінде.

Белгілі болғандай ол заңсыз иемденген автокөліктерді пайда табу мақсатында сатып жіберіп,  ақшасын жаратқан. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Алдыңғы пост
Қостанай облысында ер кісінің мәйіті өз үйінен табылды
Келесі пост
Жамбылда есірткі саудасымен айналысқан екі тұрғын ұсталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu