Кентауда фаст-фудқа тапсырыс беріп, уланғандар саны 92-ге жетті

Теги: , ,
353

Кентауда қоғамдық тамақтану орнынан жылдам дайындалатын фаст-фуд өнімдеріне тапсырыс беріп, уланғандар саны 92-ге жетті. Бұл туралы Түркістан облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асқар Ысқаков брифинг кезінде мәлімдеді.

Уланғандардың ішінде 14 жасқа толмаған 40 жасөспірім, 3 жүкті әйел бар. Тамақтан уланған тұрғындар орталық ауруханаға 27  маусымнан бастап  түсе бастаған. Шағымданушылардың айтуынша, барлығы бір дәмханадан тамақ жеген.

Тұрғындардың жаппай улану фактісі бойынша  қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Түркістан облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, аталған тамақтану орнында жаппай улану жағдайы осымен 3-ші рет тіркеліп отыр. Өткен жылдың тамыз айында 8 адам, қазан айында 168 адам фаст-фудтан уланған. Ол кезде СЭББ тарапынан заң аясында тиісті шараларда қабылданған да екен.

Атап айтқанда: бірінші жағдайда жеке кәсіпкерге 230 АЕК айыппұл салынып, құқық бұзушылықты жою туралы ұйғарым берілген.

Екінші жағдайда Қылмыстық кодекстің 304-бабы 1-бөлігімен  сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қылмыстық істің қаулысы негізінде СЭББ тарапынан жоспардан тыс тексеру тағайындалып,  көптеген кемшіліктер анықталған.

Өткен жылдың желтоқсан айында қоғамдық тамақтану орнының иесі күдікті ретінде танылып, оның іс әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы бар деп танылған. Алайда ол жәбірленушілермен татуласуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылған.

Кентау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тарапынан қоғамдық тамақтану орнының иесі жеке кәсіпкерге әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, іс-құжаттар қалалық сотқа жолданған.

Осы үш жағдайды негізге алған полиция Қылмыстық кодекстің 304-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша қылмыстық іс қозғады. Нәтижесінде көптеген кемшіліктер анықталды.

«Нысанда өндірісік бақылау жоқ. Қызметкерлері алдын ала профилактикалық медициналық тексеруден толық өтпеген. Жұмыс жасайтын 20 қызметкердің тек 12-сінде   медициналық кітапшалары бар. Шикізат пен өнімнің қауіпсіздігін куәландыратын құжаттары толық емес. Өнімдерді сақтау кезінде олардың тауарлық көршілестігі сақталмаған, яғни, ет өнімдері, құс еті өнімдері, сүт өнімдері, көкөністер мен жемістер, барлығы бір тоңазытқышта араласа сақталған. Қызметкерлердің жеке және арнайы киімдерін, жеке заттарын сақтауға арналған орын қарастырылмаған. Жұмыртқаны сақтауға, жуып өңдеуге арналған арнайы ыдыс бөлінбеген, өнімдердің жарамдылық мерзімдері өткен. Зертханалық зерттеуге алынған сынамалар жұмыс үстінде» – делінген ведомство баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Алдыңғы пост
Шымкент-Самара тас жолында екі көлік соғысып, 3 адам көз жұмды
Келесі пост
“ҚазТрансГаз Аймақ” компаниясы Шымкентте газ құбырларын салу мен реконструкциялауға 2 323 505 000 теңге  жолдайды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu