Қызылордада заңсыз ойын бизнесін кәсіп еткендерге сот үкімі шықты

Теги:
200

Қызылорда облысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған екі тұрғынға сот үкімі оқылды. Оның бірі ғимаратты жалға алса, екіншісі жалдамалы пәтерді ойынханаға айналдырған.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, бұл бойынша қылмыстық іс ведомстваның аумақтық департаментінде тергелген.

«О.Цой заңсыз ойын мекемесін ашып, букмекерлік кеңсесінің атынан ғимарат жалға алған және 9 дербес компьютер алып интернет желісіне қосқан. Сараптама қорытындысына сай, желілік блоктарды пайдалану арқылы арнайы бағдарлама қолданып онлайн ойындар сайтына кірген. Букмекерлік кеңсе орнын аша отырып, қызмет көрсететін персонал ретінде үш адамды осы заңсыз қызметке тартқан. Ал Екінші азамат Қ.Наурызбаев пәтер жалға алып, «электронды рулетка» ойын құрылғысын орнатқан. Екі кісіні кассир қызметіне, екі кісіні күзетші ретінде жұмысқа қабылдаған»,-деді ведомствадағылар.

Сот үкімімен екі сотталушының бірі 1000 АЕК, екіншісін 200 АЕК айыппұл жазасын арқалады. Оларға тағайындалған айыппұл сомасын төлеуге бір ай мерзім уақыт берілді. Егер жалтарған жағдайда айыппұл мәжбүрлі түрде өндірілетін болады.

Алдыңғы пост
Ұйқылы-ояу орнынан атып тұрып, әкесімен қосыла Әнұран айтқан балалар көпті тәнті етті
Келесі пост
Шымкентте есірткі сатуды кәсіп еткен үш тұрғыннан 7 келі марихуана табылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu