​Кентауда полиция капитаны қызметтік көлікпен жас қыздарды тасыған

Теги:
253

Түркістан облысы Кентау қаласында қызметтік көлікпен жас қыздарды тасыған учаскелік полицейдің видеосы пайда болды. Бейнежазбаны @egov.press Telegram-каналы жариялады.

Видеоны полицейдің артынан қуып келген куәгерлер түсіріп алған. Олар тәртіп сақшысын тоқтатып, неліктен жас қыздарды тасып жүргенін сұрайды. Алайда полицей нақты жауап бере алмайды. Бар болғаны, көлікте өз қарындасы отырғанын айтады.

Түркістан облыстық Полиция департаментіндегілер бұл оқиға бойынша қызметтік тексеруді бастады.

Оқиға 11 қараша күні кешкі сағат 22:00-де болған екен. Тәртіп сақшысының айтуы бойынша, туыс қарындастары өтініш жасаған соң жолдан мінгізген.

«Бүгінгі таңда Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының тапсырмасымен қызметтік тексеру жүргізілуде. Ал қызметтік көлік басқарған полицейдің жол ережесін бұзғанына байланысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 595-бабының 1-бөлігімен “Маневр жасау қағидаларын бұзу” хаттама толтырылды»,-деді Полиция департаментіндегілер.

Алдыңғы пост
Шымкент сахнасында көңілді және тапқырлар кездесті
Келесі пост
​Шымкентте тапа-тал түсте дүкеннен қымбат құлаққап ұрлаған ер кісі ұсталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu