Ұлттық жоба аясында жұмыспен қамтудың Шымкенттегі көрсеткіштері қанағаттанарлық – ҚР ЕХӘҚМ

274

Министр елімізде халықты жұмыспен қамту үшін ұлттық жобалар және басқа да жүйелі шаралар іске асырылып жатқанын атап өтті: Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 10 мың адамға 100 жұмыс орнын құру, қолда бар бос жұмыс орындарына және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру, жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы бар өңірлерге көшіру.

«Осы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 654 мыңға жуық адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде: 203,3 мың – ұлттық жобалар шеңберінде құрылған жұмыс орындарына; Президенттің «10 мың адамға 100 жұмыс орны» тапсырмасын іске асыру шеңберінде 203,9 мың жұмыс орны құрылды; 224,3 мың жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды; 22,3 мың адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің басқа шараларымен қамтылды (гранттар, шағын несиелер алды, жұмыс күші артық өңірлерден көшірілді)», – деп хабарлады Тамара Дүйсенова.

Еңбекминінің басшысы бүгінгі таңда ұлттық жобалар шеңберінде жұмыс орындарын құрудың жоспарлы көрсеткіші 75,6% – ға орындалғанын атап өтті. Жұмыспен қамтудың жоғары деңгейі «Кәсіпкерлікті дамыту», «Қуаты өңірлер – ел дамуының драйвері» және «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту» жөніндегі Ұлттық жобаларда қамтамасыз етілген. Осы 3 жобаға Ұлттық жобалар шеңберінде құрылған барлық жұмыс орындарының 92%-ы тиесілі. Басқа жобаларда ең азы 492, ең көбі 6,2 мың жұмыс орны құрылды.

Өңірлерде ұлттық жобалар шеңберінде құрылған тұрақты жұмыс орындарының үлес салмағы 55%-ды құрады. Бұл ретте тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша ең төмен көрсеткіштер Қостанай, Ақтөбе және Ақмола облыстарында – әр өңірде 40%-дан аз байқалады. Қызылорда облысындағы ең жоғары көрсеткіш – 88%.

«Ұлттық жобалардың тағы бір бағыты – субсидияланатын жұмыс орындарын құру есебінен жастарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу. Бүгінде олар бойынша жоспарлы көрсеткіштер орындалды, оларға 152 мыңнан астам адам жіберілді, оның 41% – ы жастар.

Бұл шараның нәтижесі одан әрі тұрақты жұмысқа орналасу дағдыларын игеру болуы керек. Алайда, өңірлердің көпшілігі осы бағдарламаға қатысуды аяқтаған адамдарды тұрақты жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етпеді. Республика бойынша бұл көрсеткіш 34,8% – ды құрады. Ең жоғары көрсеткіштер Ақмола, Жамбыл, Қызылорда және Алматы облыстарында, ең төмен көрсеткіштер – Шымкент қаласында, Түркістан және Павлодар облыстарында. Жастарды жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша да ахуал дәл осындай сипатта болып отыр. Жоғарыда айтылған 3 облыс мұнда да көш соңында тұр», – деді Тамара Дүйсенова.

Министр бүгінгі күні барлық ұлттық жобалар цифрландырылғанын, құрылған жұмыс орындары мен зейнетақы аударымдарының мониторингі Электрондық еңбек биржасы (бұдан әрі – ЭЕБ) арқылы жүзеге асырылатынын айтты. Сондай-ақ платформа арқылы еңбек ресурстарының ұтқырлығына мониторинг жүргізіледі.

Соңғы 3 айдың өзінде ұлттық жобаларда көрсетілген 28,3 мың бос жұмыс орнының 4 мыңнан астамын басқа өңірлерден келген адамдар иеленген. Еліміздің басқа өңірлерінен еңбек ресурстарын тарту бойынша көшбасшылар Алматы қаласы (1107 адам) және Қарағанды облысы (682 адам) болды. Жалпы, өңіраралық ағынның 58% – ы дәл осы өңірлерге тиесілі.

«Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің келесі шарасы – Президенттің қалалар мен аудандарда тұратын 10 мың тұрғынға 100 жұмыс орнын құру жөніндегі тапсырмасын іске асыру. Жұмыс орындарын құру жоспары Солтүстік Қазақстан (84%) және Павлодар (99%) облыстарынан басқа барлық өңірде асыра орындалған. Алайда, Мемлекеттік кірістер комитетінің деректері бойынша облыстық деңгейде тапсырманың біркелкі орындалмағаны байқалады», – деді Тамара Дүйсенова.

Министрлік басшысы сондай-ақ қазақстандықтарды жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге көшіру туралы хабардар етті.

«Бүгінгі таңда қоныс аудару бойынша жоспарлы көрсеткіш 71%-ға орындалды. Сонымен қатар суық ауа райының басталуымен оңтүстік өңірлердің тұрғындары тарапынан көшу белсенділігі төмендейді, тиісінше квотаны орындамау қаупі жоғары. Қазір Павлодар облысында 1 мыңнан астам квота игерілген жоқ. Ал, Солтүстік Қазақстан облысына 500 адам, Қостанайға 362 адам жоспардағыдан аз келді.

Сонымен қатар келген еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің жұмысқа орналасу деңгейі төмен. Үш өңірде, атап айтсақ, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында жұмысқа орналасу үлесі – 58,5%-дан 67%-ға дейін Бұл ретте жұмыспен қамтылғандардың тек 54,4%-ының ғана зейнетақы аударымдары бар», ­­— деді ол.

Министр жаңа тәсілдерге сәйкес азаматтар ең алдымен бос жұмыс орындары бар өңірлерге көшірілетінін айтты. Осыған байланысты қоныстандыру өңірлерінің әкімдіктері қоныс аударуды қосымша ынталандыру және келген азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша жол карталарын әзірлеуге тиіс.

Сонымен қатар Тамара Дүйсенова Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған жастарды жұмыспен қамту және келесі үш жылдық кезеңге жоғарыда аталған міндеттерді шешу жөніндегі тапсырмаларының іске асырылуы туралы хабардар етті.

«Біріншісі – Отбасының цифрлық картасын пайдалана отырып, Жұмыспен қамту саласында белсенді қызметтер көрсету, ол 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілетін болады.

Бұдан басқа Электрондық еңбек биржасы базасында тоқсан сайын бос орындардың онлайн жәрмеңкесін өткізу, ЭЕБ-ны Жоғары және орта оқу орындарында жұмыс істейтін мансаптық орталықтарға орнату, жыл соңына дейін ЭЕБ мобильді қосымшасын іске қосу жоспарлануда. Осылайша, Электрондық еңбек биржасы жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілерді тоғыстыратын кездесу орнына айналуы керек.

Екіншіден, жыл сайын кемінде 100 мың жасты олардың оқуына, жұмысқа орналасуына және жеке іс ашуына көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларына тарту жоспарлануда.

Үшіншіден, ұлттық жобалар аясында құрылатын жұмыс орындарының 10%-ын жастарға беруді ұсынамыз. Бұл шара 50 мың жасты жұмыспен қамтамасыз етеді.

Төртіншіден, «10 мың адамға 100 жұмыс орны» бастамасының аясында жастарға арнап кемінде 10 мың жұмыс орнын ашуды жоспарлап отырмыз», – деді Министрлік басшысы.

Алдыңғы пост
​Кентауда дәмханадан тамақ жеген 168 адам жаппай уланды
Келесі пост
​ШҚО-дағы полицейдің жұмбақ өлімі: Марқұмның әріптесі қамауға алынды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu