364
Талдықорғанда пәтерлердің бірінен 36 жастағы ер-азаматтың мәйіті табылған. Кісі өліміне күдікті ретінде 50 жастағы әйел ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz жазды.
Күдікті бұған дейін ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған екен.
Ауыр қылмыстың ішімдік пайдаланылған отырыс барысында орын алғаны анықталды. Кісі өлтіру қаруы ретінде қолданылған кәдімгі ас үй пышағы қылмыстық іс материалдарына тігілді. Күдікті деп танылған әйел қамауға алынды. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.