Түркістан облысы Мақтаарал ауданында 1985 жылы дүниеге келген жергілікті тұрғын хабар-ошарсыз кетті. 38 жастағы Гүлсім Нарджигитова 31 шілде сағат 11:00 шамасында үйінен Дихан ауылына шығып, содан қайтып оралмаған.
Бұл туралы полицияға оның туыстары хабарласып, көмек сұраған.
Әйелді іздеуге полиция бөлімінің жеке құрамы бірден бағыт алды. Ол туралы мәліметтер мен фотосуреттері барлық қалалық және аудандық полиция бөлімдеріне жіберілді. Еріктілермен бірге әйелдің баруы мүмкін барлық жақын аумақтар тексерілуде.
Дихан ауылында аудан әкімінің, прокуратураның, аудандық полиция бөлімі басшылығының, ауылдық билердің, мешіт имамының және ауыл әкімінің қатысуымен штаб құрылды.
Белгілері: бойы 160 см, орта денелі, шашы ұзын қара түсті. Қызыл көйлек, ақ түсті жазғы аяқ киім киген. Қызыл сөмкесі мен ұялы телефоны болған.
Облыстық Полиция департаменті қандай да бір ақпарат білетіндерден 8-725-41-21-2-02, 8-747-541-62-56, 102 телефондары бойынша хабарласуларыңызды сұрайды.
(Фото: ТО ПД баспасөз қызметі)