Маңғыстау облысында жол жиегінен 67 жастағы ер адамның мәйіті табылды

Теги:
405

Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, зейнеткерді 35 жастағы ер кісі ұрып өлтірген.

22 шілде күні сағат 20.15-тер шамасында Мұнайлы аудандық полиция бөліміне Жаңа Дәулет ауылындағы жол жиегінен белгісіз ер кісінің мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына жеткен полицейлер марқұмның денесінде бірнеше жарақатты анықтаған.

«Мәйіт табылған күні аталған жайт бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігімен (Адам өлтіру) іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 67 жастағы зейнеткердің өлімі бойынша күдікті ретінде 35-тегі ер кісі ұсталды. Сот санкциясымен ол екі ай қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр»,-делінген департамент мәліметінде.

Алдын ала болжам бойынша, күдікті мен марқұм көлік тізгіндеп келе жатқан. Бір-біріне жол бермей, арада жанжал туған. Эмоцияға берілген күдікті көлігінен түсіп, жүргізушіні ұрып-соққан. Ауыр соққыдан зейнеткер оқиға орнында көз жұмған.

Алдыңғы пост
29 жастағы бойжеткеннің аяғы кәріз жүйесі үстіндегі темір торға қысылып қалды
Келесі пост
Ұйқылы-ояу орнынан атып тұрып, әкесімен қосыла Әнұран айтқан балалар көпті тәнті етті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu