Медициналық орталық басшылары жалған анықтамаларды сатып келген

432

Астанада медициналық орталықтардың екі басшысы жалған анықтамалар сатып келген. Ақшалай қаражатқа олар медициналық ұйымға іс жүзінде бармай-ақ уақытша еңбекке жарамсыздық парақтарын, денсаулық паспорттарын, санитарлық кітапшаларды, №086, 075 нысанындағы анықтамаларды және өзге де медициналық құжаттарды дайындаған. Polisia.kz жазуынша, сондай-ақ клиенттер көлік құралдарын басқаруға жүргізуші куәлігін алу үшін медициналық анықтамаларға тапсырыс берген. Тергеу-жедел іс-шаралар кешенін өткізу кезінде полицейлер Тәуелсіздік даңғылы бойындағы медициналық орталықтың 33 жастағы басшысын ұстады. Тінту барысында қолма-қол ақша, елтаңбалық мөрлер, медициналық мөртабандар, медициналық анықтамалардың үзбелі түбіртек байламдары, тіркеу журналдары, медициналық кітапшалар, толтырылған және мөр қойылған еңбекке жарамсыздық парақтары тәркіленді.

Ал Әуезов көшесінде медициналық орталықтың тағы бір 33 жастағы басшысы ұсталды. Тінту барысында медициналық кітапшалар, еңбекке жарамсыздық парақтары, мөрлер тәркіленді. Клиенттердің жұмысқа орналасу, көлік құралдарын басқару үшін жүргізуші куәлігін алу және тағы басқа қажетті медициналық анықтамаларға тапсырыс бергені анықталды. Аталған фактілер бойынша жалған құжаттарды дайындағаны және өткізгені үшін Қылмыстық кодекстің 385-бабы (Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Алдыңғы пост
Шымкент балалар ауруханасында Оториноларингология бөлімшесі ашылды
Келесі пост
Астанада үздік жас отбасы таңдалды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu