Мониторинг нәтижесі: Дулати көшесі орташа жөндеуден өтті

Теги:
386

Жыл басында қала әкімі М.Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, жолдардың сапасын арттыру мақсатында арнайы мониторинг жүргізіліген болатын. Нәтижесінде жөндеуді қажет ететін 24 орталық магистрал көшеге ағымдағы жылы орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Бүгінде Рысқұлов көшесінен Бәйдібек би даңғылына дейінгі аралықтағы орталық Дулати көшесі орташа жөндеуден өтті. Сонымен қатар, магистрал көшенің жол жамылғысы толық жаңартылып, жаяу жүргіншілерге арналған жол салынды. Сондай-ақ, көше бойымен жол таңбалары сызылды.
Биыл мегаполисте жалпы ұзындығы 201,7 шақырымды құрайтын 297 көше орташа жөнделеді. Қазіргі таңда жол құрылыс жұмыстары қарқынды іске асырылуда. Жыл соңына дейін атқарылып жатқан жұмыстар нәтижесінде жолдың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 67,4% пайыздан 71,2% пайызға артады.
Ал,жалпы алғанда Шымкентте биыл жалпы жол жабындысы жағдайын жақсарту мақсатында 300-ге жуық көше орташа жөндеуден өтеді. Құрылыс жұмыстары 202,6 шақырымға жүргізіледі. Қазір қала аумағындағы 26 көшеге асфальт төселуде.
Асфальттеу жұмыстары Агропром шағынауданындағы Алтынтөбе, Құрсай шағынауданындағы Бекболатов және №1,2,3,4,5,6 көшелерде, Айнатас тұрғын алабында Шоқтас және Боғылысай, Асар-2 шағынауданында Күншоғыр және №1,2,3 көшелерде, Ақжайық шағынауданында Шұбарсу, Сәдуақасов, Алпысбаев көшелерінде, Қызылжар шағынауданында Маралды көшесінде, Орманшы тұрғын алабындағы Алатау және Қажымұқан, 1,2 көшелерде, Базарқақпа тұрғын алабында Алай көшесінде аяқталды. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін жоспарға енгізілген барлық көшеде жалғасады. Нәтижесінде мегаполис жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 71,2 пайызға жетеді.
Бүгінде шағынаудандар мен тұрғын алаптардың ішкі орам көшелері мен қаланың орталық магистраль көшелерін жөндеуге басымдық беріліп отыр. Биыл 24 магистральды көшені орташа жөндеуден өткізу жоспарлануда.
Бқдан бөлек, Шымкентте 3 жылда 472 көше жарықтандырылды. Шымкент қаласы бойынша орталық маңызы бар 747 көшенің 472 көшесі жарықтандырылған. Оның ішінде 2020 жылы 220 көше жарықтандырылса, 2021 жылы жоба аясында 137 көше жарықтандырылып, жарықпен қамту көрсеткіші 29,5 %-дан 48 %-ға өсті. Ал 2022 жылы 115 көше жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 48 %-ден 63 %-ға өсті. Сондай-ақ, 2023 жылы 104 көше жарықтандырылады. Қазіргі таңда, 6 айдың қорытындысымен жобалау-сметалық құжаттамалар толық әзірленіп, 49 көшеде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Алдыңғы пост
Бадам өзенінде 7 жасар бала құтқарылды
Келесі пост
Нұртас шағынауданы тамыз айында табиғи газбен қамтылады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu