Оқушылар адам өмірін құтқаратын сағат ойлап тапты

Теги: , ,
368

Жамбыл облысының оқушылары адам өмірін құтқаратын сағат жасап шығарды.

«Екінші жүрек» деп аталатын сағат инсульт, инфаркт және тағы да басқа талма аурулары бар науқастарға арналған. Ол иесінің жүрек соғысы мен қан қысымын бақылауда ұстап, адам өміріне қауіп төнген жағдайда белгі береді. Бұл ақылды сағатты дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған лицейдің 9-сынып оқушысы Дулат Исабек пен 8-сынып оқушысы Адия Тұрсынбай ойлап тапқан.

Сағатқа дене температурасын, қандағы оттегі пайызын, жүрек қағысын бақылап тұру функциялары енгізілген. Сондай-ақ, ол науқас құлап, қозғалыссыз қалған жағдайда туысына немесе жедел жәрдемге дабыл жібереді. Ең бастысы, науқастың мекен-жайын, жатқан жерін нақты көрсетеді.

«Науқастарға түрлі себептермен алғашқы көмек уақытынан кеш беріліп жататын кездер болады. Осындай жағдайлардың алдын алу және науқастарға көмектессек деген оймен алғашқы көмектің жедел келуін қамтамасыз ететін сағатты жасап шығардық», – дейді жас өнертапқыш Дулат Исабек.

Оқушылардың өнертабысын сынап көру үшін кардиолог пен пациенттердің портативті аппаратымен динамикалық бақылауы жүргізілді.  Дулат пен Адия алдағы уақытта сағатты адамдардың үнемі тағып жүруіне ыңғайлы етіп жасау жолдарын қарастыруда.

Алдыңғы пост
Кентауда мазараттағы көктастарды кім бояп кеткені белгілі болды
Келесі пост
Кәмелет жасына толмаған жүргізуші 3 жасар баланы мерт қылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu