Кәмелет жасына толмаған жүргізуші 3 жасар баланы мерт қылды

Теги: , ,
208

Ақтөбе облысында кәмелетке толмаған жүргізуші адам өліміне әкеп соққан жол апатын жасады. Оқиға 2 тамыз күні сағат 21:30 шамасында Мәртөк ауданы Сарыжар ауылында болған.

Полиция мәліметінше, Әйтеке би көшесімен жүріп келе жатқан ВАЗ-21140 автокөлігінің 17 жастағы жүргізушісі жолдың жүріс бөлігінен өтіп бара жатқан 28 жастағы жаяу жүргінші мен екі баланы қағып кеткен.

Салдарынан 3 жасар бала жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Қалған екі жаяу жүргінші облыстық ауруханаға жатқызылды.

Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Алдыңғы пост
Оқушылар адам өмірін құтқаратын сағат ойлап тапты
Келесі пост
Шымкентте бір мезетте ломбард, киім дүкені мен студия өртенді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu