334
Алматыдағы ADD үстел теннисі орталығында (U-15, U-17) оқушылар арасында тоғызұмалақтан әлем чемпионаты басталды.
Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, сайысқа әлемнің 16 елінен ойыншылар қатысады. Олар: Өзбекстан, Түркия, Румыния, Венгрия, Испания, Қырғызстан, Польша, Моңғолия, Түркменстан, Латвия, Чехия және т.б. Әлем чемпионаты рапид және блиц бойынша өтеді. Жүлденің жалпы қоры – 8 млн теңге.
Чемпионаттың ресми ашылуы бүгін, 21 қыркүйекте өтті. Жарыс 24 қыркүйекке дейін жалғасады.
Тоғызқұмалақ – бұл қазақтың ұлттық ойыны, логикалық ойлау қабілетін дамыту өнері, жас ұрпақты тәрбиелеу мен оның ақыл-ойын нығайтуда аса маңызды. 2020 жылы тоғызқұмалақ ЮНЕСКО шешімімен адамзаттың мәдени мұра тізіміне енгізілді.