«Қызыңыз жол апатын жасады». Шымкентте қос зейнеткер 7 млн теңгесінен айырылды

Теги: , ,
267

Шымкентте екі зейнеткер алаяқтардың құрбаны болды. Олар қарт тұрғындарды 7 млн теңгеге алдап кеткен.

Жәбірленуші әжейдің айтуынша, оған белгісіз біреу қоңырау шалып, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған. Содан қызы жол-көлік оқиғасын жасағанын хабарлаған. Күдікті егер зейнеткер белгілі бір соманы жақын арада оның мекенжайына келетін үшінші тұлға арқылы берсе, кінәлі адам жазадан құтыла алады деп сендірген.

Polisia.kz жазуынша, қоңырау шалушы телефонды сыбайлас қызға тапсырып, ол дірілдеген дауыспен “анасынан” көмек сұрағандай кейіп танытқан. Осы кезде зейнеткер оларға сенген. Нәтижесінде қала тұрғыны алаяқтарға өзінің барлық жинаған 4,5 млн теңге көлеміндегі ақшасын берген.

Сол күні полицияға телефон алаяқтарының тағы бір құрбаны осындай арызбен шағымданды. Сүйікті немересіне көмектесу үшін 79 жастағы зейнеткер 2,5 млн теңге берген. Тергеушілер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді. Іздеу шаралары барысында жедел уәкілдер бейнебақылау камераларының көмегімен жәбірленушілердің үйіне қолма-қол ақша алу үшін келген жігітті ұстады. Ол Түркістан облысының 16 жастағы тұрғыны болып шықты. Өз жауабында жас жігіт мобильді мессенджер арқылы алған нұсқауларына сәйкес әрекет еткендігін айтты. Оның міндеті – айтылған мекенжайлардан ақша алу және оны белгілі бір банктік шоттарға аудару. Бұл үшін ол 50-ден 100 мың теңгеге дейін ақы алып отырған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді. Оның аясында қылмысқа қатысы бар басқа да тұлғалар анықталып жатыр.

Алдыңғы пост
Түркістандық оқытушы қымыздан балмұздақ жасап шығарды
Келесі пост
Кентауда фаст-фудтан уланғандар саны 100-ге жетті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu